Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Жезқазғанда тәртіп сақшылары арасында шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнир қала әкімінің қолдауымен өткізілді. “Металлург” спорт кешенінде өткен жарысқа полиция басқармасының құрама командалары қатысты.

Спорттық шараның ашылуында облыстық полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Медет Жүнісов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен додада ІІІ орынды тергеу бөлімінің командасы алса, ІІ орынды жергілікті полиция қызметі қанжығасына байлады. Ал жүлделі І орынды патрульді полиция ротасы жеңіп алды.

Сонымен қоса, “Үздік қақпашы” номинациясын учаскелік полиция инспекторы Данияров Рустем, “Үздік қорғаушыны” уақытша ұстау изоляторының полицейі Тасқара Диас жеңіп алды. Сондай-ақ “Үздік шабуылшы” Дүйсенбай Біржан атанды.

Қатысушыларға арнайы диплом, кубок табысталды және жүлдеге ие болған командалар марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру