Жезқазғанда полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жастағы қызды тапты
Жезқазғанда полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні сағат 3.00 шамасында Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 40 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Азаматша арызында 5 ақпан күні сағат 18.30 шамасында 14 жастағы қызы үйінен шығып, осы уақытқа дейін хабарсыз кеткенін айтқан.
Жоғалған қыз баланың нақты мекенжайын анықтау мақсатында бірнеше іздеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар барысында жоғалып кеткен қыз өзінің құрбысының үйінен табылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жоғалған қыз анасы құрбысының туған күніне жібермегендіктен, үйінен қашып кеткені белгілі болды.
Тез арада баласын тауып берген полицейлерге арызданушы аналық алғысын білдірді.