Жезқазғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жаңа әскери бөлімі құрылды
Жезқазғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жаңа әскери бөлімі құрылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы” қаулысы қабылданып, оның негізінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі — республикалық мемлекеттік мекеме ретінде құрылды.
Аталған әскери бөлім Ұлытау облысының Жезқазған қаласында құрылды. Бөлімнің негізгі міндеті — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Мекемеге қатысты мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырушы уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ұлттық ұланның жедел бөлімдерінің жеке құрамы еліміздің астанасында және 20 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етеді.
Патрульдік қызмет атқару кезінде әскери қызметшілердің негізгі міндеттері мыналар:
— азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау;
— құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу;
— қылмыстарды ашуға және құқық бұзушыларды ұстауға қатысу.