Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда саяжайдағы ұрлық заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы анықталды

Жезқазғанда саяжай аумағында жасалған ұрлық заманауи бейнебақылау жүйесінің көмегімен жедел ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта белгісіз тұлғалар жеке үйдің ауласына заңсыз кіріп, бейнебақылау камерасын сындырып, өздерімен бірге алып кеткен. Осылайша қылмыс ізін жоймақ болған.

Алайда күдіктілер қателесті: камерадағы жазба электронды деректерді сақтау жүйесінде автоматты түрде сақталып қалған. Құрылғы бүлінгенімен, бейнематериалдарды полиция анықтап, күдіктілерді ұстауға мүмкіндік берді.

Жәбірленушінің арызы негізінде криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бейнежазбаларды зерделеу барысында күдіктілердің жеке басын анықтады. Көп ұзамай 20 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар жасаған істерін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция бейнебақылау камераларын қашықтан дерек сақтау жүйесіне қосуды, аула мен саяжай аумағын түнгі уақытта жарықтандыруды, күдікті тұлғаларды байқаса, дереу "102" арнасына хабарлауды еске салады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру