Жезқазғанда тағылымдамашы-сатушы кассадан ақша ұрлап кетті
Жезқазғанда тағылымдамашы-сатушы кассадан ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 ақпан күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 35 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі дүкен кассасынан белгісіз біреу 40 мың теңге ақша ұрлағаны туралы арызданған.
Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде полиция қызметкерлері сол жерде тағылымдамашы-сатушы болып жұмыс істеген 44 жастағы азаматшаны анықтады. Ол ақша ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.