Жезқазғанда таныс емес жігіт тұрғынға оқ атқан
2 маусым күні Жезқазған қаласындағы үйлердің бірінің маңында белгісіз біреу бұзақылық әрекет жасап 33 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынына қатысты белгісіз қарудан оқ атып, жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бұзақылық фактісі бойынша ақпарат полицияға түсісімен күдіктіні ұстау және анықтау бойынша облыстың ішкі істер органдарына бағыттама берілді. «Тосқауыл» жоспары жарияланды.
Жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлерімен 33 жастағы күдіктінің басқаруындағы «ВМW» автокөлігі ұсталып, жүргізуші сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушіге қатысты травматикалық қарумен оқ атқандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді,- деді облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
Сондай-ақ, Қарағанды қалалық ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен 26 мамыр күні сөзге келіспеушілік салдарынан 30 жастағы ер адамға қатысты оқ атқан 21 жастағы күдікті анықталып ұсталды.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы (қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.