Жезқазғанда тұрғынның көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Жезқазғанда тұрғынның көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 ақпанда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на жеке үйлердің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тексеру жұмыстарын жүргізе бастады.
Ұры үй иесінің жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезені ашып, үйге кірген. Содан кейін есіктерді бұзып, көлік тұрған гараждан көлікті айдап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.