Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда үй ауласынан электр құралдарын ұрлаған адам ұсталды

Жезқазғанда үй ауласынан электр құралдарын ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 53 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, түнде белгісіз біреу жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп, қорадан екі электр бұрғысын, электр торапты және мыс сымды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады.

25 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттардың бір бөлігі алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру