Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда жас жол инспекторларының қалалық слеті өтті

Жезқазған қаласында жас жол инспекторларының қалалық слеті өтті, —деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Ата Заңның 30 жылдығына арналған іс-шара №8 гимназияда ұйымдастырылды.

Слеттің мақсаты – оқушылардың жолдағы мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жас жол инспекторлары жұмысын жандандыру.

Қатысушылар "Жол жүрісі қағидаларының білгірлері", "Үгіт-насихат байқауы", “Велосипедті мәнерлеп жүргізу, “Автоқалашықта велосипедпен жүру”, "Жас реттеуші", "Білгірлер турнирі" және "Жас санитар" номинациялары бойынша бақ сынасты.

Барлық қатысушылар 7 номинация бойынша арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл слет балалардың жол ережелерін білуі мен қауіпсіздігін арттыруға зор ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру