Жезқазғанда жасөспірім 3 әуе-газ қаруын ұрлап кетті
Жезқазғанда жасөспірім 3 әуе-газ қаруын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қыркүйекте ойын-сауық орталықтарының бірінің әкімшісі Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на хабарласып, үш әуе-газ қаруы ұрланғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.
Бұл қару орталықтың аумағында орналасқан контейнерде сақталғаны белгілі болды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Барлық ұрланған қару тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.