Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды

Жезқазғанда жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үстел теннисінен турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 сәуірде Жезқазған қаласының прокуратурасы мен полиция басқармасының қолдауымен Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығында жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыру, адамгершілік пен қоғамға деген жауапкершілік көзқарастарын қалыптастыру, сондай-ақ олардың болашақта ел ертеңіне бейжай қарамайтын, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.

Турнир тартысты әрі қызықты өтті. Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру