Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық алаяқ жеке кәсіпкерге тиесілі ойын приставкасын заңсыз иемденген

Жезқазғандық полицейлер жеке кәсіпкердің сеніміне кіріп, ойын приставкасы мен джойстиктерді қолды қылған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 наурыз күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 25 жастағы жеке кәсіпкерден арыз түсті. Жәбірленушінің қаладағы компьютерлік клубтардың бірінің директоры екені белгілі болды. Оның айтуынша, клубқа келген ересек адамдардың бірі алаяқ болып шыққан. Күдікті клубқа келіп, «уақытша пайдаланамын» деп ойын приставкасы мен екі джойстикті жалға алып, уәделескен уақытта оларды әкелмеген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азаматты ұстады. Ол іс-әрекеттерін мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру