Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер ер адамды суицидтен аман алып қалды

Жезқазғандық полицейлер ер адамды суицидтен аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында «Жезқазған. Көрші қадағалау» Telegram арнасына қала тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі үйдің балконында ер адам қатты айғайлап, көршілерінің ұйықтауына кедергі келтіріп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері дабылға бірден ден қойып, жедел түрде аттанды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде белгісіз ер адамның балконнан секірмек болғанын байқады. Тәртіп сақшылары – Берік Амралинов пен Тоқтар Мұханбетжан кәсіби шеберлігі арқасында тез арада азаматты балконнан шығарып, аман алып қалды.

– Белгілі болғандай, пәтерде ешкім болмады. Үйге кіру үшін есікті сындыруға тура келді. Үйге кірген кезде балконда асылып тұрған ер адамды көрдік. Егер біз сәл кешіксек ол секіріп кетер еді. Біз уақытында жеттік, – дейді полицейлер.

Құтқарылған ер адам Жезқазған қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру