Блок-бекетті айналып өткен жігіт полиция қолына түсті
Қала сыртындағы жолмен блок-бекеттерді айналып өтпек болған 21 жастағы ақтөбелік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 наурыздан бастап Ақтөбе облысында бірқатар қозғалысқа шектеу енгізілгені белгілі. Соған байланысты облыс пен қалаға кіретін және шығатын жолдарда блок-посттар орнатылды.
Кеше полиция қызметкерлері сол шектеулерді елемей, қала сыртына шыкпақ болған 21 жастағы жігітті Алға ауданындағы блок-бекетте ұстады. Ол өз әрекетін Ақтөбеден Қандыағаш қаласындағы ата-анасына бармақ болғанымен түсіндірді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған полицейлер бекетте ұсталған жігітті сот шешімімен бес тәулікке қамауға алды.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ТЖ режимін сақтау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тәртіп бұзуға қатысты 77 факті анықталды, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 69 факті және 478-бап (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға
итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша 8 дерек тіркелді.
Қарғалы ауданының Бадамша ауылында жергілікті кафенің әкімшісі әкімшілік жауапқа тартылды. Кафе белгіленген уақыттан кейін жұмыс істеген (22:00 сағат). Нәтижесінде әйел ҚР 476-бап бойынша он айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынды.