Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жиһаз сатушысы» тұрғынның ақшасын жымқырып кетті

Ақтөбе интернет алаяқ тұрғынды алдап, ақшасын жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қалалық ПБ полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, жиһаз сатып алу үшін терминал арқылы белгісіз біреуге 83 мың теңге аударғанын айтып шағымданды. Тергеу іс-шаралары аясында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының ПД азаматтарды қырағы болуға шақырады. Есіңізде болсын, интернет арқылы күмәнді сатушылармен жұмыс жасамаңыз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін ресми интернет-дүкендерден сатып алыңыз, тек тексерілген сайттарға төлем жасаңыз.

– Осыған байланысты барлық қала тұрғындары мен қонақтарын мұқият және абай болуға, өздерінің ақшалай қаражаттарын бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға, күмәнді мәмілелерге қол қоймауды ескертеміз, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру