«Жиһаз жасап беремін»: алаяқ 22 павлодарлықты алдап кетті
Павлодарда алаяқ жиһаз жасап беремін деп 22 тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының тұрғыны танымал желі арқылы жеке тапсырыс бойынша корпустық жиһаз жасау қызметтерін белсенді түрде жарнамалаған. Алайда уақыт көрсеткендей, өндіруші клиенттерге берген уәделерін орындамаған.
Мәселен, 6 қарашада полицияға 60 жастағы павлодарлық хабарласты, ол тамыз айында интернетте жиһаз жасау бойынша сапалы жұмыстарды көріп, шеберге қоңырау шалғанын мәлімдеді.
– Бір ер адам келді, келісімшарт жасасты. 45 жұмыс күнінен кейін менде тұрмыстық техникасы бар жаңа ас үй жиhазы болады деп болжады. Мен 540 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасап, күте бастадым. Бірақ ол тапсырыстарды да, уәделерді де орындамады, сондықтан маған полициядан көмек сұрауға тура келді, – дейді павлодарлық.
Алаяқтың қармағына тағы бір зейнеткер ілінді.
– Мен де төсек-орын гарнитурына тапсырыс бердім. Келісімшарт бойынша 20 қыркүйекте дайын болу керек еді, 415 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасадым. Бірақ екі айға жуық уақыт өтті, еш нәтиже болған жоқ, – дейді қарт әйел.
Бүгінгі күні жиһаз жасаушының әрекетсіздігінен 22 адам зардап шекті. Егер полицияға жүгінген клиенттердің алдын ала төлемдерін қосса, онда әсерлі сома шығады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер 31 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған азамат түсіндіргендей, ол жиһаз жасаумен ұзақ уақыт бойы айналысады. Бірақ бұл жолы өз күшін есептемей, көп тапсырыс алған. Бюджеттің жетіспеушілігі мен жұмысшылардың кетуінен мұндай жағдай туындағанын айтып түсіндірді.
Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы (Алаяқтық) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.