Жиһазшы алматылықтарды бірнеше миллион теңгеге алдап кетті
Жиһазшы ұста алматылықтарды бірнеше миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алатау аудандық Полиция басқармасы 29 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
– Ер адам Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз өндірісіндегі басқа адамдардың суреттерін алып парақша ашқан. Сонымен қатар, күдікті бұл жұмыстарды өзінікі ретінде ұсынып, жиһазды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға жасап беруді ұсынған. Ол клиенттердің қоңырауы бойынша өлшеуге барды, жүз пайыз алдын ала төлемді ала отырып, жалған келісімшарт жасады. Жедел іс-шаралар қолданылып, күдікті қамауға алынды. Істі қарау барысында Д.есімді азамат кем дегенде 14 эпизод жасағаны үшін ұсталды. Зардап шеккендердің тізімі бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полицейлер мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-708-374-74-25.