Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖКО жасаған мас жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы факті тіркеліп, тексеріс жүргізілді. ЖКО болған кезде «Рено Сандера» автомашинасының 25 жастағы жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болған. Оған қатысты полицейлер әкімшілік өндіріс қозғады.

Сондай-ақ осы учаскеде жолдардағы жұмыстарды, басқа да жол құрылыстарын жүргізу бойынша талаптарды орындамағаны үшін полиция қызметкерлері мердігерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 631-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, айыппұл салынды. Бұрын осы мердігер осындай бұзушылық үшін төрт рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ осы жол учаскесіне қатысты бірнеше рет ескертілген болатынын атап өту керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру