Жоғалған бала табылды
Қызылорда қаласында полицейлер 6 сағаттан бері үйіне оралмаған 7 жастағы баланы тауып, ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының сағат 14:30 шамасында үйінен ойнауға шығып, кешке дейін қайта оралмағаны туралы қала тұрғыны хабарласқан.
Полицейлер дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, аумақты шолуды бастаған. Нәтижесінде сағат 20:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген жасөспірімді тауып, анасына табыстады.
Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері баланың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Табылған баланың ата-анасы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.