Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған малы табылған тұрғын полиция қызметкеріне алғысын білдірді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Гүлжаухар Искакова жоғалған малын тауып берген полиция қызметкеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған кентінің тұрғыны, көпбалалы Гүлжаухар Искакова  осы жылдың мамыр айында үш қашарын жоғалтып, полицияға көмек сұрап жүгінген. 

Жуырда Жаңақорған ауданының полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторы Жандос  Дүйсенбаев жоғалған малды тауып, иесіне қайтарған.

– Сіздің жоғалған қашарларыңызға ұқсайтын мал Бірлік ауылында жүр деп баламды ертіп барып, жоғалған қашарларымды тауып берді, оған алғысым шексіз, Алла разы болсын! Жұмыста осындай қырағылығымен көріне берсін, отбасында бақытты болсын, отбасымызбен ризашылығымызды білдіреміз, – деді көпбалалы ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру