Жоғалған жасөспірім табылды
Жамбылдық полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 29 қарашасында сағат 22:30-да Жамбыл АПБ-ге Жалпақ төбе ауылының 33 жастағы тұрғыны 14 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып келмегені туралы жүгінген.
Полиция қызметкерлері дереу баланы іздестіру бойынша шаралар қабылдап, іздеу жұмыстарына еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Қарлы боран мен қалың қардың жауғанына қарамастан, баланың өмірі мен денсаулығына алаңдаған адамдар түні бойы іздеу жұмыстарын жалғастырды.
Бірнеше сағат ішінде ауыл тұрғындары мен іргелес аудандардың тұрғындарымен, жасөспірімнің сыныптастарымен әңгімелесу жүргізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Алайда бала ата-анасының полицияға жүгінгенін біліп, өзі үйіне оралды.
Баланың айтуынша, ол отбасылық жанжалдың салдарынан анасына ренжіп, өзінің маңыздылығын сезінгісі келіп, үйінен кетіп қалған.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.