Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалып кеткен шымкенттік қыз Тараздан табылды

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараздан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы 26 қараша күні “102” сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір күн алдын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі. Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы сол күні “Алаш” базарына барып, қайта үйіне оралмаған. Іздестіру жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары қызды Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде, Тараз қаласынан тапқан. Абай ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізген. Қазір жасөспіріммен психолог профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Өз кезегінде қыздың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру