Жол ережесін өрескел бұзған шымкенттік видеоға түсіп қалды
Жол ережесін өрескел бұзған шымкенттік видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында жолда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні тоқтатқан.
Toyota көлігінің жүргізушісі жол ортасындағы үздіксіз қос жолақты ақ сызықты қиып бұрылған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілген.
Осы орайда Шымкент қаласының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, мұндай маневр қозғалыстың барлық қатысушыларына қауіп төндіретіндігін ескертеді.