Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бірнеше адам жарақаттанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйек күні Әйтеке би ауданындағы Қарашатау ауылынан 20 шақырым жерде (Комсомол ауылынан 90 шақырым) 37 жастағы «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен «Mitsubishi» автокөлігінің екі жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Келесі күні 29 қыркүйек күні сағат 07.30-да Байғанин ауданында «Ақтөбе – Атырау» автожолының 250 шақырымында Қарауылкелді кентінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Анықталғандай, «Лада Ларгус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе қаласы жағынан Атырау қаласы бағытында келе жатып, кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, рульді басқара алмай, соқтығысуға жол бергені анықталды, содан кейін бағытын өзгертіп, Байғанин ауданы тұрғынының басқаруындағы «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Лада Ларгус» автокөлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осыған байланысты Полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін ескеріп, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс аралығын сақтауды және негізсіз маневрлер мен күрт тежелуден аулақ болу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру