Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол полициясының ардагерлері жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол полициясының ардагерлері жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Біз, жол полициясының ардагерлері, еліміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер министрлігі тарапынан қабылданып жатқан шараларды қолдап, әкімшілік полиция комитетіне практикалық көмек көрсетуге әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді.

Біздің ардагерлер - өздерінің көпжылдық тәжірибесінің арқасында қызметтің қыр-сырын меңгерген азаматтар.

Қазіргі уақытта ел жолдарында ережелерді елемеу салдарынан жол-көлік оқиғаларында жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатқаны бәрімізге мәлім.

Республикада 19 сәуірден бастап "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Осыған байланысты біз, жол полиция ардагерлері, барша жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ардагерлер кеңесі жол полициясы ардагерлер ұжымының төрағасы Біржан Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру