Жол қателікті кешірмейді: СҚО-да полицейлер мен дәрігерлер түнгі тексеруді күшейтті
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен дәрігерлер көлік жүргізушілерге арналған түнгі тексеруді күшейтті. Мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері СҚО жолдарында 231 жол апаты тіркелді, соның салдарынан 21 адам қаза тауып, 315 адам жарақат алды. Талдау көрсеткендей, ЖКО себептерінің бірі – автокөлікті басқару кезінде жүргізушілердің ұйқысы мен шаршауы.
– Осыған байланысты СҚО ПД патрульдік полиция батальоны облыстық жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлерімен бірлесіп іс-шаралар жүргізуде, оның шеңберінде біз көлік құралдарын, атап айтқанда түнгі уақытта трассаларға шығатын транзиттік ауыр жүктерді тоқтатамыз. Біз жүргізушілердің денсаулығын тексереміз: қан қысымы, шаршау, ұйқышылдық, сондай-ақ жүргізушілердің алғашқы медициналық көмек жинағында медициналық препараттардың болуы. Медицина қызметкерлерінің айғақтары бойынша жүргізушілерге көлікті демалып басқаруды ұсынамыз, – деп атап өтті СҚО ПД ППБ командирінің орынбасары Руслан Кучумов.
Жол қателікті кешірмейтінін барлық тәжірибелі жүргізуші біледі және орындайды. Полиция қызметкерлері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері мен велосипедшілерге, жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.