Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қауіпсіздігі: ата-аналар мен балалар нені білуі керек

Жол қателіктерді кешірмейді. Қарапайым ережелердің өзі сақталмаса, үй мен мектеп арасындағы қысқа жол да қауіпті болуы мүмкін. Баланы жазатайым оқиғадан қорғау үшін ерте кезден оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету маңызды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ата-аналар нені есте ұстауы керек:

  • Өзіңіз үлгі болыңыз. Балалар ересектерден көргенін істейді. Жолды тек жасыл шам жанғанда және рұқсат етілген жерден өтіңіз;
  • Ережелерді үнемі түсіндіріңіз. Қайталау - есте сақтаудың кілті. Жаяу жүргіншілер өткелінің не үшін қажет екенін, бағдаршамның қалай жұмыс істейтінін, көліктегі "соқыр аймақ" деген не екенін айтыңыз.
  • Жолда құлаққап киюге немесе телефонға қарауға рұқсат бермеңіз. Бұл мұқияттылықты азайтып, қауіпті жағдайға әкеп соғуы мүмкін.

Бала нені білуі керек:

  • Жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда және жаяу жүргіншілер өткелі бар жерден өтуге болады.
  • Жолда немесе жолдың маңында ойнауға қатаң тыйым салынады.
  • Егер доп немесе ойыншық жолға шығып кетсе, ересек адамды шақыру қажет.
  • Аулада да мұқият болу маңызды, себебі көлік гараждан немесе автотұрақтан күтпеген жерден шығу мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру