Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет: Абай облысында полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр
Жарма аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Даулетхан Жаныбековтің қатысуымен Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар автожолының бойында орналасқан Аршалы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау және жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мал иелерінің жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді.
Кездесудің басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ауыл тұрғындары арасында мал ұстау тәртібін сақтау мәдениетін қалыптастыру арқылы тасжол бойында және елдімекен ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныс қабылданды.