“Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет”: Шымкентте флешмоб ұйымдастырылды
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында кең ауқымды іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Металлург” стадионында өткен флешмобқа “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары, студенттер, еріктілер, департаменттің жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары және кәсіби спортшылар қатысып, өз үлестерін қосты.
Шара барысында жас жол инспекторлары жол жүру ережелері мен жол белгілерін жақсы меңгергендерін көрсетіп, өз білімдерін ортаға салды.
Полицейлер жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау, мұқият болу және қозғалыстың барлық қатысушыларына құрметпен қарау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары, жол қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.