Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 102 дерегі анықталды
Павлодар облысында бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 102 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жол қозғалысын қадағалау кезінде Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 102 фактісін анықтады. 19 жүргізуші бекітілмеген қауіпсіздік белдіктері үшін тоқтатылды, 9 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай жүрісін жалғастырды, ал 2 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарды. Бұл ретте, осындай фактілердің бірі кешкі сағат 19.35-те анықталғанын, бұл кезде қала тұрғындарының жұмыстан қайтып, жолдардағы қозғалыс жанданатынын айта кету керек, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.
Полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы Бұхар жырау көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқанын, оның жүргізушісі медициналық қорытындыға сәйкес мас күйінде болғанын да айта кетті. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
– Бірақ, статистика көрсеткендей, ережелерді тек жүргізушілер ғана бұзбайды. Жаяу жүргіншілер де тәртіпті бұзатындар қатарында. Мәселен, жаяу жүргіншілер бір тәулік ішінде 17 құқық бұзушылыққа жол берген. Мысалы, павлодарлық азамат жаяу жүргіншілер өткеліне дейін бармай, Торайғыров көшесінің жүріс бөлігі арқылы өтуге шешім қабылдады. Ер адам өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар өтіп бара жатқан көліктерге кедергі келтірді. Полицейлер құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жол қауіпсіздігін қорғау бойынша үздіксіз жұмыс нәтижесінде 2021 жылдың өткен кезеңінде батальон полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1500-ге жуық дерегін анықтады, – деп атап өтті Ренат Шарипов.
Полицейлер азаматтардың назарын жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға аударады.