Жол қозғалысы ережесін бұзғандар анықталды
5-7 қаңтар аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жедел жағдайды сауықтыру, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу болып табылады.
Облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде 13 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте жеті қылмыс ашылды. Өткен жылдардағы іздеуде жүрген бір адам ұсталды. Бұрын жасалған жеті қылмыс ашылды.
Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтаудың 34 фактісі анықталды:
– бір факт есірткі заттарын алып жүру;
– бір факт оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру;
– суық қару (пышақ) алып жүрудің 32 фактісі.
«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 622 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 29, ұсақ бұзақылық бойынша – 81, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 79, УБжДО-ға – 37 адам орналастырылды, екеуі – қабылдау-тарату орнына қамалды.
Жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша– 263, оның ішінде алтауы мас күйінде автокөлікті басқарған, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша – 70, қарсы жолаққа шығу – сегіз, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 23, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесін бұзу фактісі бойынша 80 анықталды.