Жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қызылордада "Қауіпсіз жол" шарасының үш күнінде мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өтті. Іс-шараның үш күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерімен барлығы 1178 жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды. Атап айтқанда:
ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (Белгіленген жылдамдық арттырудың ) - 119 дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3,4-бөлігі бойынша (Жалған немесе көрінеу м/б тағып к/қ басқарудың) - бір, ҚР ӘҚБтК-нің 590-7-бабы бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың) - 27, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша (Ұялы телефонмен сөйлесудің) - 120, ҚР ӘҚБтК-нің 593-2-бабы бойынша (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың) - 211, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша (Маневр жасау ережесін бұзудың) - 50, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына тыйым салатын қимылына қарамай өтудің) - 29, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) - 44, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы бойынша (Авариялық жағдай туындату) - 19,ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы бойынша (Темір жол өтпелерінен өту қағидасын бұзудың) - 20, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (Көлік құралын мас күйде басқару) - 19, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) - 177, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша (Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы) - 84 дерегі анықталды.Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жұмылдырылып облыс жолдарында автопатрульдер күшейтілген түрде жұмыс атқарды.