Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған «Mercedes» жүргізушісі анықталды

Түркістан облысының полицейлері жол ережесін бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Facebook» қолданушыларының бірінің парақшасынан жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған «Mercedes» маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Аталған бейнежазбада белгісіз ер адам Түркістан қаласы көшелерінің бірінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Тәртіп бұзушыны анықтау мен ұстауға Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция инспекторлары аталған автокөлік жүргізушісінің жеке-басын анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары «Mercedes Benz Е280» маркалы көлікті айыптұрағына қойды.

Өз кезегінде, көлік иесі Түркістан қаласы тұрғындарынан жолда жіберген өрескел қателігі үшін кешірім сұрады және алдағы уақытта жол ережесін бұзбауға уәде берді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау, қарсы жолаққа шықпау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау және қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Мұның бәрі қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Жүргізушілер есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі де жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты. Жол қателіктерді кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру