Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережесін сақтамаған тұрғындар жауапқа тартылды

Ордабасы ауданының полицейлері 67 мас жүргізушіні ұстады және 2500-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі тұрақты негізде рейдтік және басқа да жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуде. Көшелер мен қоғамдық орындарды патрульдеу қызметін атқару кезінде Ордабасы ауданының полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беруі) бойынша барлығы 67 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 135 құқықбұзушылықты, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаумен) бойынша 556 жайтты , сондай-ақ 18 жайт (Жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жүруіне басымдық бермеу) (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) және 1710 жайт (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де ҚР ӘҚБтК) бойынша анықтады.

Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың тағы бір түрі автокөліктің терезесін күңгірттеу болып табылады. Мысалы, рейдтік іс-шаралар барысында аудан орталығы көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары “терезесі күңгірттелген” Лада Приора маркалы автокөлігін тоқтатты. Бұл көліктің жүргізушісіне 590-бабы 5 және 7-бөлімдері (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу), яғни техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқару бойынша әкімшілік жаупкершілік қаралды. Құқық бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылды.

Өз кезегінде жүргізуші қателігін дұрыстап, терезесінен алып тастап, алдағы уақытта жол ережесін бұзбауға уәде берді.

Ордабасы АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері атап өткендей, мұндай рейдтік және алдын алу іс-шаралары жол-көлік оқиғаларын болдырмау және азайту, ЖҚЕ өрескел бұзушыларды жауапкершілікке тарту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қауіпсіздігін сақтау бойынша оң нәтиже береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру