Жолаушылар автобусының жүргізушісі полицейлерге алғыс айтты
Жолаушылар автобусының жүргізушісі Қызылорда облысының ПД патрульдік полиция ротасының инспекторларына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
22 желтоқсан күні жолаушылар автобусының жүргізушісі әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторларына жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Бауыржан Ағыбаев пен Мейрамбек Өтеуов қызмет атқару барысында Қызылорда –Жезқазған тас жолының 210 шақырымында жол жиегінде жолаушылар тасымалдайтын автобустың тоқтап тұрғанын көрген.
Сұрастыру барысында жолаушылар автобусының қозғалтқышы істен шығып, тоқтағаны анықталған. Салонда екі жүргізуші мен олардың екі көмекшісі және алты жолаушы болған. Жолаушылар автобусы Нұр-Сұлтан қаласынан шығып Түркістан облысының Жетісай қаласына бара жатқан.
Патрульдік полиция ротасының командирі, взвод командирлері мен қызметкерлері бұзылған автокөліктің жүргізушілеі мен жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етіп, бұзылған автокөлікті сүйреп Қызылорда қаласына жеткізуге көмек көрсеткен. Тәртіп сақшылары басқа жеңіл автокөліктерді тоқтатып, автобус жолаушыларын діттеген жерлері Түркістан облысына қарай мінгізіп жіберген. Ал жүргізушілер көмекшілерімен бірге демалыс кешеніне орналыстырылған.