Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушының сөмкесінен есірткі табылды

Қызылордалық полицейлер  есірткі заттарын тасымалдаған Байқоңыр тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының 1324 шақырымында шетелдік мемлекеттік белгісі бар автокөлігі тоқтатылып, тексерілді. Автокөлік ішінде жүргізуші және жолаушы болды.

Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетте скочпен оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталған.

Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар жалпы салмағы 415,85 гр. «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.

Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен рі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру