Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда әр секунд маңызды – қателікке жол бермеңіз

Қостанай облысында полицейлер жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған сәттерін жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірі хабарлама терсе, енді бірі әңгімеге беріліп кеткен. Бар болғаны бірнеше секунд, алайда дәл осы уақыт адамның өміріне қауіп төндіреді.

- Көптеген жүргізуші рөлді бір қолымен ұстап, екінші қолында телефон болғанда, өздерінің қаншалықты қауіпті әрекет жасап отырғанын түсінбейді, – дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осындай ереже бұзған 4 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Сондықтан полиция қызметкерлері жолда сақ болуға шақырады.

Көлік жүргізіп келе жатып телефонға үңілу – өз өміріңді ғана емес, айналадағы адамдардың өмірін де қатерге тігумен тең. Бір сәттік хабарлама немесе қоңырау қайтып келмес қайғыға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жол үстінде телефонды пайдаланбаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру