«Жолда ойын ойнама!»: ІІМ арнайы ролик жариялады
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларында 126 бала қаза тауып, үш мыңнан астам кәмелетке толмаған түрлі жарақат алды.
«Жолда ойын ойнама» – мұндай бейнероликтер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полиция келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
- Балаларыңызға жол жүрісі қағидаларын үйретіп, олардың сақталуын қадағалаңыз;
- Балаларды жолда, әсіресе көлік жүретін жерлерде қараусыз қалдырмаңыз;
- Кішкентай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокреслоларды пайдаланыңыз;
- Балаларға жол апаты немесе төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін түсіндіріңіз;
- Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз;
- Телефонға телмірмеңіз. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану апат қаупін едәуір арттырады;
- Белгіленген жылдамдықты асырмаңыз;
- Жолда тәртіп пен заңды сақтаңыз.