Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясы: Алматы полициясы бір күнде 200-ден астам азаматтың сауалына жауап берді

Алматы полициясы “Жолда қабылдау” акциясы барысында бір күнде 200-ден астам азаматтың өтінішіне жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Білікті және кеңестік көмек алғысы келетіндер көп болды. Жылжымалы пункттерге келушілер арасында жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мәселесіне алаңдайтын азаматтар бар. Жұртшылықтан келіп түскен барлық өтініш, сауал, арыз-шағым дер кезінде тіркеліп, тиісті шаралар қабылданып, сол жерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында біз ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы көші-қон жағдайы, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлерінің және ювеналды полиция инспекторларының қызметіне қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдаймыз. Қала тұрғындары арасында науқанға белсенді қатысушылар да бар, олар да полицияның халықпен қарым-қатынасына өз үлесін қосып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оны жүзеге асыруға балалар арасынан шығармашылық топ жұмылдырылған. Олар флешмоб арқылы балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға үлкендердің назарын аударды.

Бұрын хабарланғандай, бұл жолы науқан 2024 жылдың 14-15 маусымында келесі орындарда өтеді:

– “Атакент” ІЫО (Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, Бостандық ауданы);

– Орталық мәдениет және демалыс саябағы (Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 1, Медеу ауданы).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру