Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолда қабылдау» акциясы өтеді

14-15 шілде күндері республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, ойын-сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Акция кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.

ІІМ бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдау» азаматтардың ұсынысынан туындаған болатын. Бұл акция – полицияның халыққа бағдарланған жаңа модельге көшуінің бір дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру