Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жолда қабылдау" акциясы: Павлодарда 200-ден астам тұрғын құқықтық кеңес алды

Павлодарда 200-ден астам тұрғын құқықтық кеңес алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Жолда қабылдау" акциясы аясында полицейлер халықпен тікелей эфирде жүздесіп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

Эфир барысында көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін алу, айыппұлдарды төлеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ көлік рәсімдеу тәртібі, сатып алу-сату шарты, көші-қон заңнамасы және полиция қызметіне жұмысқа орналасу жайлы сауалдар қойылды. Мотокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді.

Бұл шара құқық қорғау органдарына халықты толғандыратын мәселелерді бірінші ауыздан естіп, өз құзыреті аясында бірқатар сұрақтарды шешуге мүмкіндік берді. Бар болғаны бір күн ішінде тікелей және онлайн қабылдауға шамамен 200 адам жүгініп, кеңес алды.

– Азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасау – ашықтық қағидатын жүзеге асырудың тиімді тетігі. Ол халықпен сенімді байланыс орнатуға жол ашады. Тікелей эфир мазмұнды әрі қарқынды өтті. Біз тұрғындардың сауалдарына барынша толық жауап беруге тырыстық. Сонымен қатар олардың көтерген тақырыптары мен көңіл-күйін алдағы жұмысымызда ескереміз, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру