Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясы: СҚО полицейлері тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап берді

СҚО полицейлері тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, айыппұл төлеу – 19 шілдеде басталған “Жолда қабылдау” республикалық акциясының негізгі тақырыптары осындай. Азаматтарды қабылдау, тікелей эфир барысында онлайн байланыс орнату, сондай-ақ телефон арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап беру – акция барысында әкімшілік полиция басқармасы және процессингтік орталықтың басшылығы мен тәжірибелі қызметкерлері азаматтарға өз құзыреті шеңберінде қажетті түсініктемелер беруге дайын.

Акцияның басты мақсаты – азаматтарды қабылдап, олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Акция барысында облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны әкімшілік полиция бастығынан кеңес алды. Ер адам құжаттарына түзету енгізуі қажет; полицейлер солтүстікқазақстандыққа жедел қызмет көрсетіп, оған өтініш үлгісін берді және келесі іс-қимыл алгоритмін түсіндірді.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жарты күн ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан “Жолда қабылдау” пунктіне 30-дан астам адам тікелей және онлайн байланыс арқылы жүгінген. Полицейлер барлығына жауаптар мен түсініктемелер беріп, тұрғындарды қандай сұрақтар мазалап жүргенін анықтауға тырысты, әр адамның сұрағын жіті зерделеп көрді.

Әкімшілік полицейлермен бірге акцияға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының басшылары мен қызметкерлері белсенді қатысты.

“Жолда қабылдау” акциясының келесі кезеңі 16 және 17 тамызға жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру