Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолда қабылдау» акциясында аудан полицейлері халыққа қарқынды түсіндіру жұмыстарын жүргізді

ҚР ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес тамыз айындағы «Жолда қабылдау» акциясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» түсіндірме жұмыстары толық жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Сайрам аудандық полицейлері жалпы 39 тұрғынды қабылдаған. Азаматтардың сұрақтары бойынша талдап айтсақ; автокөлікті тіркеу – жеті, жүргізушілік куәліктерін беру – төрт, жол жүрісін ұйымдастыру – екі, көлік құралдарын қайта жабдықтау – екі, айыппұл төлеу тәртібі – үш, карантин кезеңінде белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуы бойынша – бір азамат келіп, өзінің сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Сайрам АПБ басшылығымен тікелей эфирлер мен қауырт желі арқылы келіп түскен сұрақтар қатары да болды. Ал, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері болса 35 тұрғынды қабылдады. Тұрғындардың көкейіндегі мәселелері қаралып, нақты кеңестер берілді. Республика көлемінде өткізілген «Жолдау қабылдау акциясында» Бәйдібектік полицейлер де өз үлестерін қосып, жоғары деңгейде өткізді.

Азаматтардың өтініштері мен талап-тілектері тыңдалып, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар алдын ала жазылып, кезек күтпестен сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Айта кетер жайт, акция бүгін 29 тамыз күні де жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру