Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда қалған жүргізушілер патрульдік полицейлерге алғыстарын жеткізді

Түркістан облысында жолда қалған жүргізушілер патрульдік полицейлерге алғыстарын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткен демалыс күні Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 556-шақырымында Kia автокөлігі жол жиегінде жанар-жағармайының таусылуына байланысты тұрып қалған. Патрульдеу бағыттары бойынша жүрген Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Ш. Шекербеков пен Е. Адырбеков жүргізушіге көмектескен. Яғни, сол маңда жақын жерде орналасқан жанармай бекетінен бензин әкеліп беріп, автокөліктің жүруіне өз септіктерін тигізген. Полицейлердің жанашырлығына риза болған Қырғыз елінің азаматы шынайы ризашылығын білдірді.

Одан бөлек патрульдеу кезінде қызмет инспекторлары А.Ақылбаев пен Т.Бисенов Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 775-шақырымында жол апаты салдарынан жол жиегіне түсіп кеткен Lada Largus автокөлігін анықтады. Нәтижесінде полицейлер жүргізушіге көмектесіп, көлігін сүйреп шығару үшін арнайы автокөлік тауып берген. Өз кезегінде жүргізуші полицейлердің қолғабыс еткеніне алғысын жаудырды. Ал жол бойында кездесетін келеңсіз жағдайлардың тағы бірі – көлік дөңгелектерінің жарылуы.

Мәселен, патрульдік полиция қызметкерлері Б.Алибеков пен Ж.Базарбеков, Шымкент – Самара тас жолының 34 шақырымында Sinotruk Howo жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, бұзылып тұрғанын байқайды. Содан бірден көмектесіп, жүк көлігінің ақауы жөнделіп, жүріп кетуіне өз септіктерін тигізген. Қарапайым полицейлерден дер кезінде көмек алған жүргізушілер өздерінің шынайы алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру