Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы апаттылық жағдайы 30 пайызға төмендеді

Алматы қаласында жолдағы апаттылық жағдайы 30 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, жыл басынан бері қалада салдарынан адамдар жарақат алған 2 мың 930 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,1% -ға аз. Өкінішке орай, осы апаттардың салдарынан 76 адам қайтыс болған, бұдан басқа 3 мың 427 адам жарақат алған.

– Барлығы 235 мың 313 жол ережесін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 24 мың 040-ы жүргізуші болып табылады. 1 мың 525 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Сот 1 мың 923 адамды көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1 мың 38 автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежегіші және алдын алу факторларының бірі  – «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Оның көмегімен 1 миллион 270 мың 361 құқық бұзушылық тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Ақпарат үшін: Қалада 542 мың 744 бірлік автокөлік құралы тіркелген. Алматыдағы автокөлік жолдарының ұзындығы 3 мың 096 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру