Жолдағы қауіпсіздік – басты назарда: Жетісуда оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жетісу облысында әкімшілік полиция басқармасы мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында балаларға жол қозғалысы ережелері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жолдағы ең жиі кездесетін қауіпті жағдайлар талқыланды, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігі маңында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және аулаларда өзін дұрыс ұстау жөнінде практикалық кеңестер берілді.
Қараңғы уақытта жарық қайтарғыш элементтерді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында оқушыларға жүргізушілердің жаяу жүргіншіні алдын ала байқауына көмектесетін және сол арқылы жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтатын жарық қайтарғыш элементтер таратылды.

Мұндай профилактикалық акцияларды өткізу өскелең ұрпақты жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға жол сілтейді.
Полиция ата-аналар мен педагогтарды да балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйретуге ерекше көңіл бөлуге шақырады, себебі тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана әрбір бала үшін қауіпсіз болашақты қамтамасыз етуге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=wBFP_P2Z3Ig
