Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – ІІМ-нің тұрақты бақылауында
Жол қозғалысы ережелерінің 11 миллионнан астам бұзушылығының жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің айтуынша, 19 мың мас жүргізуші ұсталды. Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Автоматтандырылған бейнебақылау камералары, мобильді кешендер, "жасырын" патрульдеу жүйелері қолданылуда.
"Қорғау" жүйесінің көмегімен 48,6 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Апатты учаскелерде дрондардың көмегімен 4 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. 8 трассада орташа жылдамдықты бақылау апаттылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Министрдің сөзінше, бұл тәжірибе кеңейтілуде.
- Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жолдардағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жылдамдық режимі сақталмайды (3687 дерек), жүргізушілер трассаларда қауіпті маневрлер жасайды, әсіресе қарсы бағытқа шығу кезінде (349 дерек), сондай-ақ рөлде отырып ұйықтап кету жағдайлары да тіркелген (87 дерек). Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – көлік жүргізу тәртібінің төмендігі мен жүргізушілердің дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, автопарктің техникалық жай-күйі және жол инфрақұрылымының сапасы. Ахуалды жақсарту үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдануда, - деп толықтырды министр Ержан Саденов.