Жолдарға жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында жол күтіміне жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы ПД Алакөл ауданы полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық және аудандық автожолдар мен көшелерде қыс мезгіліндегі жол тазалау жұмыстарының сапасына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жергілікті маңызға ие «Арқарлы ауылына кірер жол» және «Еңбекші ауылына кірер жол» автожолдарының тиісті деңгейде тазаланбағаны анықталып, осы жолды күтіп-ұстауға және тазалауға жауапты «Алакөлжолдары» ЖШС жол мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылыс жайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жолданды.
Жыл басынан бері Алакөл АПБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол жөндеу және жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты 93 ұйғарым жолдаған.
Сондай-ақ аудан аумағындағы көше жолдары мен автомобиль жолдарын күтіп ұстау талаптарын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген өзге де талаптарды орындамағаны үшін алты жол мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.