Видео: Жөргектерді ұрлаған азамат құрықталды
Шымкентте полицейлер болжамды сериялық тонаушыны ұстады,- деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бірнеше дәріхананың тонауына қатысы бар деген күдікті Түркістан облысының 52 жастағы тұрғынын ұстады.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында полицияға белгісіз ер адам дәріхана қызметкерлерін қорқытып, жөргектерді алып, бой тасалағаны туралы хабарламалар келіп түскен.
Абай аудандық полиция бөлімшесінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекcтің 191-бабының 1-бөлігі (тонау) бойынша 3 жайт және 187-бабы (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша 2 жайт тіркелген.
Ұсталған азамат Шымкент қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау
изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың құқыққа қарсы
іс-әрекетінің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған іс-шаралар
жүргізуде.