Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыста аюды заңсыз аулау фактісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында аюды заңсыз аулау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

3 қарашада ШҚО полицейлері Алтай ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтады, ол Тұрсұғын ауылының маңында ілмекке аюды ұстап алған, оның етін жеке пайдалану үшін алды, ал терісін одан әрі сату үшін дайындауға ниеттенген. Тәртіп сақшылары аталған азаматты ұстады.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – деді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 200-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 420 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 276-ы аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, бес браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру